ТОО "ОТАН-СЕКЬЮРИТИ"

Сәйкестікті бағалау жөніндегі орган
 
САЯСАТ ПЕН МАҚСАТТАР БЕЙТАРАПТЫҚ КОНФИДЕНЦИАЛДЫҚ
        rus kaz    
             

БАСТЫ БЕТ
СЕРТИФИКАТТАУ
Нормативтік база
Тәртіп
Беру не беруден бас тарту Тоқтату
Күшін жою
Сертификацияға сілтемелер Шағымдар мен апелляцияларды қабылдау
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
БАЙЛАНЫС

Күшін жою

Сәйкестік сертификаты кұшін жою туралы шешім мына жағдайларда қабылданады:

-егер өнімнің анықталған сәйкессіздігін түзету мүмкін болмаса;

-Тапсырыс берушінің Шарт (сертификаттау туралы келісім)талаптарын орындамауы;

-сәйкессіздікті жоюға байланысты жоспарланған түзетуші әрекетттерді орындамау;

-қызметті атқарушының инспекциялық бақылау жасаудан (не оны өткізуге байланысты төлемнен )бас тартуы;

-қажетті түзетуші әрекеттерді белгіленген мерзімде жасамау немесе олардың нәтиже бермеуі;

-егер шығарылатын өнім тұтынушының өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаның қауіпсіздігіне нақты қатер төндірсе;

-шығарылған өнімге қатысты бірнеше мәрте шағым түссе;

-Тапсырыс беруші жұмысын тоқтатса (егер өгімді өндіру тоқтатылса,басқа өндіріске берілсе немесе кәсіпорын таратылуы орын алса).

Сәйкестік сертификаты күшін жою СРО осындай шешім қабылдаған сәттен бастап күшіне енеді.

Сәйкестік сертифкаты күшін жою туралы ақпарат Тапсырыс берушіге себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күнінің ішінде беріледі.

Тапсырыс беруші күші жойылған сертификаттың түпнұсқасын үшкүндік мерзімде CPO-ға қайтарып береді.

СРО шешім қабылданғаннан кейін жеті күн ішінде күші жойылған сертификатты өкілетті органға жібереді.

Тапсырыс беруші сәйкестік сертифкаты күшін жоюға себеп болған сәйкессіздіктерді түзету шараларын жүзеге асырғаннан кейін қызметтерді сертификаттауға өтініш беруге құқылы.

Мұндай жағдайда қайтара сертификаттау бойынша жұмыстар алдыңғы сертификаттау нәтижелерін есептеместен жүзеге асырылады.

Берілген сәйкестік сертификатының күшін жоюға қажеттілік туындаса, Тапсырыс беруші СРО-ға себептерін көрсете отырып, өтініш жібереді. Өтінішпен қоса сәйкестік сертификатының түпнұсқасы және берілген сәйкестік сертификаты күшін жоюға негіз бола алатын құжаттар да ұсынылады.

СРО өтінішті алғаннан кейін 5 жұмыс күні мерзімінде сәйкестік сертификаты күшін жойып, Реестрге тиісті жазбалар енгізеді.

Сәйкестік сертификаты күшінің жойылуы СРО шешім қабылдаған күннен бастап күшіне енеді.



             
"Отан-Секьюрити" ЖШС, 050002, Алматы қ., Мақатаев көшесі, 12а тел./факс: +7 (727) 266 61 05, e-mail: mail@otan-security.kz